![Бүгін «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53000.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтеді. Шара барысында ойын-сауықтық бағдарлама, бүлдіршіндерге арналған көрме, түрлі ойындар, қызықты қойылымдар мен концерт ұйымдастырылады.
Мерейтойға 10 жасқа дейінгі балақайларды шақырамыз.
Ал, сағат 14:30-да өтетін «Балапанның» ертегі әлемі» атты көрмеге қауіпсіздікке байланысты тек 7-10 жас аралығындағы балалар шақырылады (қолөнермен шұғылдану барысында қайшы, жіп, ине пайдалануы мүмкін).
7 жастан төмен балдырғандар сағат 17:00-де өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты концертке қатыса алады.
Сондай-ақ, шара аясында ата-аналарға арналған ертегі байқауының қорытындысы шығарылады.
«Балапан» кішкентай көрермендерін асыға күтеді!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102700/)