![«Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53034.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды.
Айта кетейік, бес күннен кейін болатын ойынның билеттері онлайн режимде сатылуда. Матч жақындаған сайын кассаларда билет қалмауы мүмкін. Себебі әр минут сайын 6-7 билет сатылуда, деп хабарлайды «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, испаниялық «Атлетико» мен португалиялық «Бенфикамен» болатын ойындарға да билеттер алуға болады. Инернет-кассаны пайдаланып, жанкүйерлер QR-коды бар арнайы электронды билет алады. Оны кейін елорданың үш жерінде орналасқан бекетте («Мега» орталығы, «Қазақстан» спорт кешені, «Конгресс-холл») қағазға шығарып алуға болады.
Ойын 30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де өтеді.
Осыған қоса, жанкүйерлер үшін «Астана-Арена» стадионына апаратын арнайы автобустар жұмыс істейтін болады. Сағат 19:00-де қоғамдық көліктерге келесі мекен-жайдан отыруға болады:
1. «Қазақстан» спорт кешені;
2. Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион;
3. «Нұр-Астана» мешіті;
4. «Салтанат сарайы».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102722/)