![«Қазмедиа» орталығында «Туған күніңмен, «Балапан» атты концерт өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53045.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында «Балапан» телеарнасының 5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама аясында «Туған күніңмен, «Балапан!» атты концерт өтуде.
Шараға балалардың сүйікті кейіпкерлері, өнерлі балалар мен эстрада жұлдыздары қатысуда.
Мерекелік концерт 27 қыркүйек күні сағат 17:50-де телеарна эфирінен көрсетіледі.
Айта кетейік, бүгін «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтуде. Телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазмедиа» орталығында «Туған күніңмен, «Балапан» атты концерт өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102732/)