![Қазақстандық әскерилер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына дайындалуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53586.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Армия спортшылары спорттың 10 түрінен, яғни, еркін күрес, спорттық бағдарлау, дзюдо, жүзу, грек-рим күресі, оқ ату, әскери бессайыс, таэквондо, жеңіл атлетика, бокстан өнер көрсетеді.
Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын АОСК-ның 60-қа жуық спортшысы қорғайтын болады. Олардың арасында көптеген танымал спортшылар бар.
Олар: Алматы қаласында өткен 2014 жылғы бокстан 55-ші әлем чемпионатының чемпионы қатардағы жауынгер Елдос Сарқұлов, таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев, грек-рим күресінен әлем чемпионы қатардағы жауынгер Бағлан Жақанша, дзюдошы қатардағы жауынгер Гусман Қырғызбаев және басқалар.
6-шы Дүниежүзілік армия ойындарына әлемнің 120 елінен 8,5 мың адамы қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметшілер арасындағы бесінші жазғы Бүкіләлемдік армия ойындары 2011 жылы Рио-де-Жанейрода өтті.
Спорттың баскетбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетика, парашюттік спорт, жүзу, таэквондо, триатлон сияқты түрлерінен өткен бәсекеге 52 спортшыдан құралған Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы да қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Қазақстандық әскерилер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына дайындалуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102811/)