![Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53152.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.
Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, К.Беттельді Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады, деп үміттенетінін жеткізді.
Люксембург Премьер-министрі өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудың маңызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтардың басын қосқан Астана экономикалық форумының табысты өткенін атап айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102847/)