Семей тұрғындары мемлекетке тапсырған қарулардың құны 16 миллион теңге болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей тұрғындары мемлекетке тапсырған қарулардың құны 16 миллион теңге болды

29.09.2015
 Семей тұрғындары мемлекетке тапсырған қарулардың құны 16 миллион теңге болды

Семейде жыл басынан бері 388 түрлі денеге жарақат салатын және газбен атылатын  қарулар өткізілді. Бұл тұрғындарға тіркелген аталмыш атыс қаруларының 98 пайызы деп хабарлайды Altaynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қаңтарынан бастап, жарақат салатын және газды атыс қаруларының иелері жауапқа тартылатын болады. Өйткені, аталмыш атыс қаруын қазір заң бойынша қатардағы азаматтарға алып жүруге немесе сақтауға болмайды.   

Тіпті  арнайы органдар тарапынан сатып алуға бұрыннан рұқсат берілген  тапаншаларды да алып жүруге немесе  сақтауға болмайды. Бұл талап орындалмаған жағдайда қару иесіне айыппұл салынып, тіпті қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.   

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бір қарағанда аса қауіпті емес  аталмыш қаруларды тұрғындардан алу мәжбүрліктен туындаған шара. Өйткені, елде жасалған қылмыстардың көпшілігінде біреуді өлтіру немесе денесіне жарақат салу үшін аталмыш қарулар көп қолдыналатын болған.    

Хабарламаларға жазылу