![Бүгін - Халықаралық қарттар күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53196.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бастап аталып өтеді. Мерекені тойлау туралы қаулы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 1990 жылы 14 желтоқсанда қабылданған.
Алғашында бұл мейрамды Еуропа елдерінде атап өтсе, кейін АҚШ-та, ал, 90-шы жылдардың соңына қарай бүкіл әлімде тойланады.
Халықаралық қарттар күнінде әлем елдерінде арнайы тақырыпта түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бұл мереке, әсіресе, скандинавия елдерінде кең көлемде аталып өтеді. Бұл күні барлық теле-радио бағдарламалар қариялардың талғамына сай назарға ұсынылады.
Ал, Жапонияда қыркүйек айынының үшінші дүйсенбісінде Қарттарды құрметтеу күні тойланады.
Халықаралық қариялар күніне орай, 1 қазанда алматылық зейнеткерлер метрода 1 күн бойы тегін жүреді. Сондай-ақ, 60 мыңға жуық астаналық зейнеткерге бюджет қаражатынан бір реттік көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, мерекеге орай елорданың «Жастар» сарайында Ирина Шведованың «Ландыши» атты концерті өтеді. Ал, Астананың №2, 3, 4, 5, 6, 8, 9 қалалық емханаларында, «Ниет», «Шапағат», «Салауатты Астана», «Достық» денсаулық орталықтарында қариялар дәрігер мамандардан тегін кеңес ала алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Халықаралық қарттар күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102902/)