![Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53264.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жусанбаев Әлім Октябрьұлы, 1966 жылы туылған.
1990 жылы Алматы теміржол транспорт инженерлері институтының құрылыс және жол жөндеу машиналары мен жабдықтары «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын, 1990 жылы механикаландырылған қашықтық тиеу-түсіру жұмыстарының қоймашы, учаске механигі, шебер болып бастаған.
1993-2007 жылдары 1996 жылдары «Достық» кеденінің инспекторы, бөлім бастығы, «Достық» кедені бастығының орынбасары, «Достық» кедені Алматы қаласы ҚР Қаржы министрлігі КБК-ның оқу әдістемелік орталығы бастығының орынбасары болды.
2007-2008 жылдары «Қазэкспортастық» сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесші, 2008-2011 жылдары Алматы РИВЦ АҚ филиалының «ҚТЖ» ҰК бас инженері, 2011-2012 жылдары «Қазтранссервис» АҚ «Южный» филиалының бас инженері, техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2012-2014 жылдары «Қорғас-Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» ЖШС-ның директоры болса, 2014-2015 жылдары «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-ның директоры міндетін атқарып келген болатын, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімдігінінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102952/)