![Ауғанстандағы әуе апатынан мерт болғандар саны артты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53266.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.
Осыған дейін осы апттан 10 адамның мерт болғандығы хабарланған болатын, оның 5-уі амермкандық әскерлер болса, қалғаны азаматтық қызметкерлер.
АҚШ-тың Қарулы Күштері қызметінің өкілі, полковник Брайан Трибус ұшақ құлаған сәтте жерде болған ауғанстандық екі азамттың мерт болғандығын жеткізді.
АҚШ-тың С-130 Hercules әскери-тасымал ұшағының құлағаны Ауғанстанның шығысында орын алды. Апаттың салдары әзірге белгісіз алайда, алдын ала мәліметтер бойынша оған ешкім оқ атпаған.
Hercules АҚШ-тың ұтқыр әуе соққысы күштерінің негізгі бөлігі саналады. Ұшақ ірі көлдемдегі әскер мен техниканы тиісті орынға жеткізу үшін қолдыналады және аталмыш техника осыған дейін түрлі әскери қайшылықтар кезінде қолданылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстандағы әуе апатынан мерт болғандар саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102956/)