![Астанада Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53607.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осы демалыс күндері «Мега» СОО алдыңдағы алаңда Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс және жемістер, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан өңірінің бал өнімдері ұсынылуда.
Ақтөбе облысының фермерлері 150 тоннаға жуық өнім әкелген. Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері 2,5 тонна сүт өнімдерін, 4,8 тонна жылқы еті, 5 тонна сұйық май, 3,7 тонна дәнді дақылдар, 5 тонна шұжық өнімі, 76 тонна картоп және көкөністер, 40 тонна бақша дақылдары, 3 тонна балық, 6,5 тонна ұлттық өнімдер әкелінген. Жәрмеңкеде жалпы құны 98 миллион теңгеге 177 тоннаға жуық өнім түрі сатылуда.
astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103001/)