![ҚР ҚК бітімгершілері «Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуына қатысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53611.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Армениядағы «Баграмян» полигонында бітімгершілік операцияны орындау бойынша бірлесіп іс-қимылдар жасау үшін ҰҚШҰ мүше мемлекеттері бітімгершілік контингенттерінің жауынгерлік үйлесуі өтті.
«Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерші әскери қызметшілері де қатысты. Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ ҰБК-нің өзге де бөлімшелерімен бірлесе жүкті алып жүру, патрульдеу, содырларды дайындау лагерін бұғаттау және тарату сияқты бірнеше тактикалық эпизодтарды орындаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР ҚК бітімгершілері «Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103006/)