![«Ұлы Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» аталымында 10 үміткер бағын сынайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53625.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
IV Халықаралық «Ұлы дала дауысы» радиофестивалінің «Дәстүрлі ән», «Күйші», «Этноаспаптық ұжымдар» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру басталды. Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады.
Айта кетейік, «Дәстүрлі ән» аталымында - 10, «Күйші» аталымында – 6, «Этноаспаптық ұжымдар» аталымында 6 үміткер бағын сынайды.
Дауыс берудің апталық қорытындысын 8 қазанда сағат 19:05-те Қазақ радиосының әуе толқынына шығатын «Ұлы Дала дауысының» күнделігінен» тыңдай аласыздар.
«Ұлы Дала дауысының» жүйріктерін бірге анықтайық, үздік әнге дауыс беріңіздер!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ұлы Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» аталымында 10 үміткер бағын сынайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103039/)