![Қытайда «Мучжигэ» тайфунынан мерт болғандар саны артты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53635.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Табиғи апаттан 5 адам мерт болды.
Қытайдың оңтүстігін басқан «Мучжигэ» тафунының құрбанына айналғандар саны 5 адамға жетті, тағы 168 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Осыған дейін 4 адам мерт болып, 16 адам із-түссіз жоғалып, 80 адамның жарақат алғаны туралы хабарланған болатын.
Тропикалық «Мучжигэ» тайфуны Гуандун провинциясының жағалауларында 4-қазан күні түстен кейін болған. Табиғи апаттан арал саналатын Хайнань провинциясы да зардап шегіп отыр.
Жексенбінің кешінде күшті жел Гуанси-Чжуан автономды ауданынан жетіп, Синьхуа агенттігінің мәліметтерінше, 870-тен астам адам қауіпті аймақта қалып, 50 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Табиғат апаттың салдарынан ауыл шаруашылығы алқаптары мен шаруашылық нысандарына үлкен шығын келді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда «Мучжигэ» тайфунынан мерт болғандар саны артты &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103047/)