![Сарапшылар ең үздік 100 әлемдік брэндті атады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Interbrand компаниясы жоғары технологиялар саласында қызмет етіп келе жатқан ең ықпалды брэндтердің тізімін жасады.
Бұл тізімді міне, үшінші жыл қатарынан Apple и Google бастап келеді. Бұл туралы мәліметтер Best Global Brands компаниясының 2015 жылғы есебінде жария етілді.
Айта кететін мәселе, аталған екі компанияның консалингтік бағалары тиісінше, 43-12 пайызға өсті. Сарапшылар Apple компаниясының консалтингтік құнын 170 млрд долларға, Google компаниясынікін 120 млрд долларға бағалап отыр.
Олардың соңынан Coca-Cola, Microsoft және IBM ілесіп келеді. Олар өткен жылғы көрсеткіштерін биылғы жылы да қайталады.
Сонымен қатар, әлемдік брэндтердің ондығына General Electric, Toyota, McDonald’s та ілінді, ондықтың соңында Amazon интернет-дүкені тұр.
Айта кететін мәселе, 2015 жылы 100 үздіктің қатарына алғаш рет PayPal мен Lenovo компаниялары кіріп, олар тиісінше 97-ші және 100-ні орындарға орналасты.
Nokia мен Nintendo керісінше, бұл тізімге биыл іліге алмады, деп хабарлайды korrespondent.net.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сарапшылар ең үздік 100 әлемдік брэндті атады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103055/)