![Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53776.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде. Дүбірлі тойдың ашылу салтанаты Орталық стадионда ұйымдастырылды. Мерекеге шетелден 5 мыңға жуық қонақ келген.
Шара барысында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы дала елі» атты тарихи-мәдени экспедиция Таразға келіп жетті.
Мерекелік шаралар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103166/)