![«Еуразия Барысы-2015». Боз кілемге алғашқы болып Грузия мен Моңғолия палуандары шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53789.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі басталды. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысуда.
Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтпек.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған турнирдің жеребесі тартылып, бозкілемге шығатын келесі жұптар анықталды.
1.Грузия - Моңғолоия
2.Қырғыз Республикасы - Өзбекстан.
3.Қазақстан - Польша.
4. Түркия - Ресей
Еске сала кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Еуразия Барысы» жарысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Еуразия Барысы-2015». Боз кілемге алғашқы болып Грузия мен Моңғолия палуандары шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103183/)