![Грузия палуандары ІІІ «Еуразия Барысы» турнирінің қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53824.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтуде.
Биылғы жарысқа 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысуда. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтуде.
Дода Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
Қола жүлде үшін болған кездесуде Ресей палуандары грузиялықтармен кездесіп 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл грузиялықтардың «Еуразия Барысы» турнирінде иеленген екінші жүлдесі.
55 келі: Церцвадзе Иосеб - қарсыласы болмады: 1:0
66 келі: Калдани Георгий – Акоп Акопян: 2:0
74 келі: Мамулашвили Каха – Сергей Николаев: 3:0
82 келі: Гагнидзе Заур – Андрей Перевелюк:4:0
90 келі: Паата Гвинашвили – Андрей Гусаров: 5:0
100 келі: Коберидзе Гиоргий – Дмитрий Минаков: 6:0
+ 100 келі: Бердзенешвили Бека – Сергей Ширяев: 6:1.
Еске сала кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Еуразия Барысы» жарысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Грузия палуандары ІІІ «Еуразия Барысы» турнирінің қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103213/)