![«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан палуандары бас жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53826.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі аяқталды.
Биылғы жарысқа 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысты. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтті.
Дода Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
Жарыстың финалында Қазақстан мен Өзбекстан палуандары күресіп, 5:2 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшылар екі дүркін «Еуразия Барысы» атанды.
55 келі: Айдос Сейпілұлы – Лазиз Мажидов: 1:0
66 келі: Ғалымжан Әбдірахманов – Хусен Осимов: 2:0
74 келі: Айдос Ғалымов – Расулов Камолоддин: 3:0
82 келі: Сұңғат Закарияев – Кудайбердиев Алишер: 4:0
90 келі: Асыл Барменов – Илхом Журоев: 4:1
-100 келі: Мұхит Тұрсынов – Авазхон Тоймурадов: 5:1
+100 келі: Айбек Нұғымаров – Мухсин Хисомиддинов: 5:2.
Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Еуразия Барысы» жарысын тікелей эфирде көрсетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан палуандары бас жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103222/)