![Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан-Нидерланд матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53839.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең, 10 қазанда, елордадағы «Астана-Арена» стадионында EURO-2016 іріктеу турнирі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Нидерланд футболшылары кездеседі.
2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлеріне қарсы матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 21:40-та тікелей эфирде көрсетеді.
Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» арнасында сағат 21:00 де арнайы жоба эфирге шығады. 40 минутқа жоспарланған тікелей эфир барысында студия қонағы мен жүргізуші Қазақстан-Нидерланд матчы туралы ойларын ортаға салады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан-Нидерланд матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103227/)