![Нидерланды тұрғындарына жүргізушісі жоқ көліктер қызмет көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53759.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұндай көлік жүргізушісінің қызметін GPS жүйесіндегі автопилот атқарады. Көліктің қозғалысын бақылап отыру үшін оған арнайы камера орнатылған. Жолдағы түрлі кедергілер арнайы белгі беретін датчиктің көмегімен анықталады.
Робот-көліктің жалғыз кемшілігі оның жылдамдығының аздығында. Көлік небәрі 24 км/сағ жылдамдықпен жүреді және ол ең көбі 6 жолаушыны тасымалдай алады.
Бұл ерекше көліктерді франциялық EasyMile компаниясы құрастырған. Бұндай электроавтобустар Финляндияның Ванта, Швейцарияның Лозанне қалаларында арнайы сынақтан өткізілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нидерланды тұрғындарына жүргізушісі жоқ көліктер қызмет көрсетеді &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103245/)