![Ысқақ Қашқынбайұлы: Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53877.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпанда» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы қонақ болып, 9 қазанда республикамыздағы балалар құқықтары жөнінде Конвенцияның ережелерін орындау туралы өткен брифинг жөнінде әңгімеледі.
«Балалардың құқықтары туралы Конвенция – Елбасымыздың қол қойған құжаты. БҰҰ ұйымының 190 мемлекеті осы Конвенцияға қатысушы ретінде танылған. Бұл елдер бес жылда бір рет БҰҰ-да есеп береді. Қазақстан 1994 жылдан бастап осы Конвенцияға қосылып, балалардың мүддесін қорғау бойынша міндеттеме алған», - дейді ол.
Ысқақ Қашқынбайұлының айтуынша, халықаралық сарапшылар Қазақстан Республикасының баланың құқығын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айтқан.
«Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту. Қазіргі таңда Балалар үйін жабу мәселелері жүруде. Соңғы бес жылдың ішінде 26-ға жуық жетім балаларға арналған білім беру ұйымы жабылып, көбісі отбасы үлгідегі Балалар үйіне айналдырылды. Елімізде 31 мыңнан астам жетім бала бар. Оның 21 мыңы қазақстандық отбаыларда тәрбиеленіп жатса, 1800-і патронаттық тәрбиеде, 8 мыңға жуығы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленуде»,- деді Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ысқақ Қашқынбайұлы: Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103290/)