![Ұлттық музейде «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53897.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
13 қазан күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесінің ашылуы өтеді.
Зергерлік қолөнерлік бұйымдар Қазақ хандығының тұсында да ерекше орын алды. «Зергерлік өнер» көрмесіне «Әдемі-ай» өнер музейінің жинағынан антиквар зергерлік бұйымдар қойылған.
Белгілі жинақтаушы, өнертанушы Бахаргүл Төлеген «Әдемі-ай» өнер музейін 2011 жылы құрған. Қазіргі таңда қоры мыңнан аса, музей экспозициясынан біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырлардағы Құшан патшалығы дәуіріндегі археологиялық артефактілерді және ҮІ-ХІІ ғасырларға жататын сирек кездесететін тарихи туындыларды көруге болады.
Көрмеге «Әдемі-ай» ұлттық кәдесый компаниясының Қазақ хандығының 550-жылдығына арнайы жасаған қолданбалы-сәнді өнер бұйымдары да ұсынылған. Компания тарихи-мәдени құндылық және ұлттық дәстүрді 13 жылдан бері дамытумен айналысып келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық музейде «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103311/)