![Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53924.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
22 қазанда сағат 10.00-13.00 аралығында Бейбітшілік көшесі 25 мекен-жайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмектесу.
Аталмыш шараға елорданың 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелері қатысып, күзетші, есепші, полиграфия мамандары және тағы басқа жұмыс орындарын ұсынады.
Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» әлеуметтік бағдарламасы және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103336/)