![Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53960.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», делінген Президент Қаулысында.
Сондай-ақ, Айдын Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы да берілді.
«Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін, деп жазылған Қаулыда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103366/)