![Тәжікстанның мұнай базасында үлкен жарылыс болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53979.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Душанбе маңындағы Арбобхотун ауылында орналасқан мұнай базасында болған жарылыстан 4 адам мерт болды.
Бұл туралы Тәжікстан Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметтерінше, кеше кешкісін техника қауіпсіздігін орындамаудың салдарынан «Газпромнефть-Тәжікстан» компаниясы жалға алған «Бафоев Гайбулло» жабық акционерлік қоғамындағы желімдеу жұмыстарының барысында жарылыс болды.
«Аталмыш кәсіпорынның 4 қызметкері мерт болып, тағы бірнеше адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті»,-делінген хабарламада.
Бұл туралы www.segodnya. хабарлады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәжікстанның мұнай базасында үлкен жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103387/)