![Миланда «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I Халықаралық форум өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54055.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аталмыш шараны «EXPO&WOMЕN» халықаралық ұйымы мен италияндықтардың ART&GUSTO экономикалық және мәдени ықпалдастық жобасы ұйымдастырады.
Бүгінде «EXPO&WOMЕN» түрлі салалар бойынша ең белсенді, іскер әйел азаматтардың басын қосатын танымал әйелдер ұйымына айналып үлгерді. Аталмыш ұйымның мақсаты – әлемді және Қазақстан әйелдерін Милан-2015, Анталия EXPO-2016, Астана EXPO-2017, Дубай EXPO-2020 сияқты ЭКСПО қозғаластарына тарту болып табылады.
«EXPO&WOMЕN» «Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I Халықаралық форум аясында EXPO көрмесі өткен және осы бағытта мол тәжірибе жинаған елдердің әйелдер ұйымдарының әріптестігін қалыптастыруды мақсат етеді.
«Бүгінгі таңда барлық елдердің өкілдерін EXPO-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесіне қатысу идеясын жеткізу, бүгінгі таңда тұрақты даму үшін қандай инновациялар қолданылатындығын және «жасыл» экономика біздің планетамыз үшін қандай ұғымды білдіретін болатындығын түсіндіру маңызды міндет болып табылады»,-делінген «EXPO&WOMЕN» ұйымы таратқан ақпаратта.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбы иннһовациялар үшін бай әлеуетке ие, бұны «Online EXPO-2017» республикалық байқауының бірінші кезеңі көрсетіп берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Миланда «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I Халықаралық форум өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103432/)