![Бақытжан Құлжабаев: «Қазақ елі» мультфильмінің жалғасын түсіреміз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54058.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында «Сақ» киностудиясының бас продюсері Бақытжан Құлжабаев қонақта болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» анимациялық фильмі туралы әңгімеледі.
«Бұл - толықметрлі тарихи анимациялық фильм. Яғни, Қазақстан анимациясы тарихындағы алғашқы 60 минуттан асатын туынды. «Қазақ елі» мультфильмін жасауға жылдың басында кірістік. Алдағы уақытта туындының жалғасын түсіру жоспарда бар», - дейді продюсер.
Сондай-ақ, ол мұндай фильмдер кемінде 2 жыл түсірілетінін айтады.
«Мультфильм сценарийін Сағи Үсіпәлі, режиссеріміз Батырхан Дәуренбековпен ақылдаса отырып жаздық. Ал, кеңесшілеріміз – тарих ғылымдарының докторлары Жамбыл Артықбай, Мақсат Алпысбес. Әдеби кеңесшіміз – Дулат Исабеков», - дейді Бақытжан Құлжабаев.
Киностудия анимациялық фильмді Тәуелсіздік күні тарту етпек.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақытжан Құлжабаев: «Қазақ елі» мультфильмінің жалғасын түсіреміз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103436/)