![Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жаңа жүйе туралы білесіз бе? (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54060.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Онлайн форматтағы қызметтерге қатысты сан алуан пікір бар. Біреулер оған сенімсіздікпен қараса, енді біріне бұл аса қиын сияқты көрінеді.
Ал, кейбір жандар өз уақытын, ақшасы мен күш-жігерін үнемдеп, электронды қызметтерді тиімді пайдаланады.
Уақытты, бизнесті, тіпті өмірді дұрыс ұйымдастырудағы алғашқы қадам – электронды цифрлы қолтаңбаның кілттерін алу. Ал, қазіргі уақытта электронды цифрлы қолтаңбаны SIM-картаға орната аласыз.
Пилоттық жоба Астана мен Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылуда.
SIM-карталарда мобильді электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалану – азаматтарға e-gov мобильді қосымша көмегімен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүлік туралы ақпарат, зейнетақы төлемдері туралы анықтамаларды және өзге де ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.
Электронды цифрлы қолтаңбаны SIM-картаға орнатудың артықшылықтары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жаңа жүйе туралы білесіз бе? (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103440/)