![«Таңшолпанда» Серік Ибрагимовтің «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54062.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Серік Ибрагимов қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Хабар барысында «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді.
«Бұл әннің жазылғанына 3 жылдан асты. Сөзін – Төреғали Төрәлі және Қайнар Алагөзов жазған. Әні өзімнің жүрегімнен шыққан дүние», - дейді Серік Ибрагимов.
Сондай-ақ, әнші неліктен лирикалық бағытқа бет бұрғанын түсіндірді.
«Продюсерім Алтынбек Рахметовтың идеясымен лирикалық бағыт ұстандық. Бұл - басқа қырымнан таныту үшін жасалған жоба. Көңілді әндер әлі де жалғасын табады», - дейді ол.
Серік Ибрагимовтің сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпанда» Серік Ибрагимовтің «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103444/)