![Баланың оқуға ынтасын қалай арттыруға болады? (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54063.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сабақтың бір сарынды өтуі - баланы жалықтырып, оқуға деген ынтасын төмендетеді. Сондықтан қазіргі педагогикада жаңа технологиялар мен көрнекі құралдар қолданылады.
Сонымен бірге, ұстаздың баламен ғана емес, ата-анамен де тұрақты байланыс орнатуы – шәкірттің оқу үлгерімінің жақсаруына тікелей ықпал етеді.
Мамандардың айтуынша, үй тапсырмасын орындау алдында баланың көңілі қай сабаққа бірінші ауса, сол сабақтан бастаған жөн. Сонда баланың оқуға ынтасы артады.
Сондай-ақ, ата-ана балаларының өз бетімен ізденуіне көмектесуі қажет. «Сен сабақты жақсы оқуың керек» деп міндеттегенше, баламен тең дәрежеде сөйлесіп, сенім арту – әлдеқайда тиімді.
Баланың оқуға ынтасын арттыру туралы мамандар кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баланың оқуға ынтасын қалай арттыруға болады? (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103446/)