![Ерболат Досаев пен Шейх Ахмед бин Джазим Аль Тани Қазақстан мен Катардың сауда, экономика мәселелерін талқылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54162.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Отырыс барысында Қазақстан мен Катар мемлекетінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, азаматтық авиация, «Qatar Investment Authority», «Kazakh Infrastructure Fund» кіру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, тараптар биылғы жылдың 25-26 қазанындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған келісімдердің жобаларын талқылады.
Сонымен қатар, Ерболат Досаев Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Аль-Аттыйямен келіссөздер жүргізді.
Кездесу шеңберінде министрлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ерболат Досаев пен Шейх Ахмед бин Джазим Аль Тани Қазақстан мен Катардың сауда, экономика мәселелерін талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103564/)