![Бүгін - «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54168.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін - қазақ сатирасына өлшеусіз үлес қосқан, әзілімен көрерменнің жүрегіне жол тапқан актер, «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтің туған күні.
«Тамаша» ойын-сауық отауында көпшіліктің көзайымына айналған актер әзіл-қалжың жанрына өз көзқарасын қолтаңба етіп қалдырды.
Айналасын күлкімен көмкеріп жүретін жаны жайсаң Тоқсын Құлыбеков өмірде ашық-жарқын болған. Алайда жайдары жанның ғұмыры келте болды.
Ол 47 жасында дүниеден озды. Бірақ жасаған әрбір бейнесі, бір-біріне ұқсамайтын образдары «Тамашаның» тарихында қалды.
Актердің ғибратты ғұмыры туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103573/)