![Мәскеуде М.Ю. Лермонтовтың 200 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған кеш өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54324.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарашаның 3-і күні Ресей астанасында орыс әдебиетінде өшпес із қалдырған ақын Михаил Лермонтов пен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтеді.
Әдеби-сазды кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ТМД елдері мен Ресей елшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасынан келген құрметті қонақтар, Мәскеу қаласының құрметті автономиасяның өкілдері, жастар мен мектеп оқушылары шақырылған.
Кеш қарашаның 3-і күні Мәскеулік соғыс және Қарулы Күштер ардагерлерінің үйінде сағат 16-00-де басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде М.Ю. Лермонтовтың 200 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған кеш өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103713/)