![Бесік жырының пайдасы (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54314.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бесік жыры – халықтың тұрмыс-салт жырларындағы көркем туындылардың бірі. Ол 1-5 жас аралығындағы балаларға жағымды әуенмен айтылады.
Бесік жырында халқымыздың төл тарихы, дүниетанымы, болмысы көрініс табады. Сондықтан да бабаларымыз бесік жырының әуезділігіне, мән-мазмұнына ерекше көңіл бөлген.
Тіпті бесік жырын үйретудің арнайы мектебі болған деседі. Әлди жырын халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды.
Бесік жырының пайдасы туралы Ұлжан Сүндетқалиеваның пікірін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бесік жырының пайдасы (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103726/)