![Францияда болған көлік апатынан 50-ге жуық адам жанып кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54363.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көлік ішіндегі адамдарда аман қалатын ешқандай мүмкіндік болған жоқ, көліктер бірден өртенді, деп хабарлайды AFR.
Жол көлік апатынан небәрі 5-8 адам ғана тірі қалды. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ.
Оқиға орнында өрттен-құтқару қызметінің 60-қа жуық қызметкері жүр. Сондай-ақ онда тергеушілер мен дәрігерлер, әлеуметтік қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнына сонымен қатар, мерт болғандардың туған-туыстары да келіп жатыр. Оларға да қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.
Бұл көлік апаты 1982 жылдан кейінгі мерт болғандар саны жағынан екінші ірі апат ретінде тіркелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Францияда болған көлік апатынан 50-ге жуық адам жанып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103737/)