![Астанада «Балбөбек- жас дәурен» қалалық фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54414.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласындағы «Жастар» сарайында «Балбөбек - жас дәурен» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ашық қалалық фестивалі өтеді. Шараға 10-21 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады.
Қатысушылар «Эстрадалық вокал», «Хореография. Заманауи би», «Фотосурет» аталымдары бойынша өзара үздікті анықтайды.
«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты
Байқаудың негізгі мақсаты - дарынды орындаушыларды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, өнерлерін мен орындаушылық шеберлігін дамыту.
Фестиваль кестесі:
30 қазан, сағат 17:00
«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты;
31 қазан, сағат 10:00
«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалі қатысушыларының байқау қойылымдары;
1 қараша, сағат 17:00
«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалінің гала-концерті және марапаттау рәсімі.
madeniet.astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Балбөбек- жас дәурен» қалалық фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103827/)