![Мэнни Пакьяо 2016 жылдың сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54422.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Спортшының промоутері Боб Арумның айтуынша, Пакьяо мамыр айының ортасында Филлиппин сенатына сайлауға түспек. Сондықтан, Мэнни бокспен айналысудан бас тартпақ.
Пакьяоның алдағы жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатыны әзірге белгісіз.
Мэнни Пакьяо осы жылдың мамыр айында америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуэзерден жеңілген.
Ол кәсіпқой бокста 57 рет жеңіске жетіп, (38 – нокаут) 6 рет жеңілген. Ал, 2 жекпе-жекте тең түскен.
Мэнни Пакьяо америкалық Теренс Кроуфорд пен Тимоти Брэдли және британиялық Амир Ханды карьерасындағы ең лайықты қарсылас, деп санайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мэнни Пакьяо 2016 жылдың сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103834/)