![Қ.Қуанышбаев театрында «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54446.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қалиқан Ысқақ пьесаны жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша сахналық нұсқасын жасаған. Бұл режиссер Әлімбек Оразбековтің М.Әуезов әлеміне төртінші рет қадам басуы.
Бұған дейін режиссер «Абай», «Айман-Шолпан»,«Қорғансыздың күні» пьесаларын дүниеге әкеліп, бүгінгі күнге дейін көрерменнің сүйікті қойылымдарына айналған.
«Қараш-қараш» әлеуметтік драмасында елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты, ар алдындағы адалдығы көрініс табады.
Драманың тұсаукесері 4-5 қараша күндері сағат 18.30-да өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қ.Қуанышбаев театрында «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103860/)