![Билл Гейтс табысқа қалай жетті? (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54454.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені және техномагнаты - Билл Гейтс. Нарықты бағдарламамен қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай адам.
Алайда Билл Гейтс байлық пен техниканың данышпаны ғана емес, бизнестегі процестердің дамуын алдын-ала сезу қабілетіне ие тұлға ретінде танылды.
Жеңіске деген асқан құлшыныс, көшбасшылық стиль, іскерлік әлем оны осы қасиеттер арқылы білді.
Мектепте жүрген кезінде-ақ 10 жастағы Билл Гейтс пен досы Пол Аллен алғаш рет орасан компьютерлік терминал жасады. Одан бөлек тағы екі бағдарлама шығарды.
Бір қызығы – ерекше үлгеріммен көзге түспесе де, ол 9-сыныпты кілең бестікке бітірген. Қабілеттікке текст тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді.
Билл Гейтс туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Билл Гейтс табысқа қалай жетті? (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103866/)