![Ауа райы: Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54457.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
28 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей аймақта жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.
Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданыныда жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103870/)