![Роза Рымбаева мерейтойлық концертінде тұңғыш рет Әлібек Дінішевпен ән айтады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54459.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халық әртісі Роза Рымбаева әр концертіне асқан жауапкершілікпен әзірленеді. Ал, бес, он жылда бір келетін есеп беру кеші алдында өз-өзіне тіпті талапшыл.
«40 жылдан бері 10 жыл сайын осы сахнада концерт беремін. Концерттерде міндетті түрде есеп беру кеші екенін атап өтемін. Сонда келген көрермендер менен бір жаңалық күтеді. Сондай-ақ, менің бүгінгі деңгейіме баға береді»,- дейді әнші.
Роза Рымбаева эстрада-симфония оркестрімен үлкен сахнада 40 жыл бойы ән салып келеді.
Роза Рымбаеваның концерті туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Роза Рымбаева мерейтойлық концертінде тұңғыш рет Әлібек Дінішевпен ән айтады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103871/)