![«Таңшолпанда» - Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән фестивалінің жеңімпазы Ұлпан Әбдікәрімова](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54458.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалінің гран-при иегері Ұлпан Мейрамбекқызы Әбдікәрімова қонақта болып, байқаудан алған әсерімен бөлісті.
«Сайыстарға 3 жасымнан бастап қатысамын. Сахнада эстрада жанрындағы әндерді орындадым. Еліміздің композиторларының кең тынысты әндерін айтып өстім. Үлкен сахнаға тәрбилеген ұстазыма алғысым шексіз», - дейді Ұлпан Әбдікәрімова.
Сұхбат барысында байқауда орындаған әндері туралы айтты.
«Фестивальде «Ақ маңдайлым», «Ақ ерке – ақ Жайық», «Құшақ жайған қандай адам?» әндерін орындадым. Биылғы бәйге маған бұйырған екен. Өте қуаныштымын», - дейді ол.
Ұлпан Әбдікәрімованың сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпанда» - Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән фестивалінің жеңімпазы Ұлпан Әбдікәрімова&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103873/)