![Таңғы кеңес: Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54461.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Таңшолпан» ұмытшақтықтың алдын алуға арналған кеңес ұсынады:
- Кітап оқыңыз
Кітап оқы кезінде ми жұмысын жетілдіресіз. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруына себепші болады.
Сол арқылы оқу – сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіреді. Сөздік қорыңызды байытады.
- Компьютер ойындарын ойнаңыз
Бірақ миды жаттықтыру үшін жарты сағат не бір сағат жеткілікті. Логикалық ойындарды ойнау барысында ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды.
- Не нәрсені үйренгіңіз келеді?
Не керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күшіңізді жаңа әуес іске жұмсаңыз. Ешқашан айналыспаған істі істеңіз. Миыңыздың белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
- Ұйқыға көңіл бөліңіз
Миды сергек қалыпта ұстау үшін 8 сағаттық ұйқы керек. Сондықтан оған ертеңгі қиындықты шешу үшін жақсы демалыс керек.
Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таңғы кеңес: Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103874/)