![Бауыржан Исаев: 2016 жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54467.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Бауыржан Исаев қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Сұхбат барысында 2016 жылы мерейтойлық концерт беретіні туралы айтты.
«Шығармашылығымдағы басты жаңалығым – келесі жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады. Бұл – мен үшін үлкен мейрам. Келесі жыл – концерттік жыл болады. Мерейтойлық кешке дайындық үстіндемін», - дейді Бауыржан Исаев.
Әншінің айтуынша, кеш Астанада өтеді.
«Концерттен бөлек елді аралау ойымда бар. Мерейтойлық концерт өткен соң, сол бағдарламамен өңірлерге баруды жоспарлаудамын», - дейді ол.
Бауыржан Исаевтың сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бауыржан Исаев: 2016 жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103881/)