![Бүгін - Мұзафар Әлімбаев дүниеге келген күн](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54494.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін - қазақтың біртуар азаматы, ақын, Отан үшін отқа түскен арда азамат - Мұзафар Әлімбаевтің мерейлі туған күні. Осыдан 92 жыл бұрын қасиетті Кереку өңірінде дүниеге келген тау тұлғаның негізгі өнер, білімге деген ынтызарлығы бала кезінен байқалған.
5 жасынан әліпті әріп деп танып, оқуға зерек болған бала Мұзафардың ерте есейіп, қалыптасуына, ата-анадан жастай айырылуы да әсер еткен.
Ақынның бірнеше шет тілінен аударған нақыл сөздері, жаңылтпаш, мақал-мәтелдері де бүгінде көптің көкейінде. Әсіресе «Балдырғанмен» сусындап өскен әр балақайдың жадында сайрап тұр.
Жазушы әрі аудармашы Мұзафар Әлімбаевті туған халқы, сондай-ақ, әсем әндері арқылы да жақсы таниды. Шәмші, Әсет, Ілиядай дарындардың әсем әндерін келісті сөздермен өрнектеген талай әндері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.
Мұзафар Әлімбаевтің шығармашылық әлемі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Мұзафар Әлімбаев дүниеге келген күн&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103904/)