![Ауа райы: Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54498.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103909/)