![Сағаділда Үсібәлі: «Қазақ елі» фильмінің сценарийі 15 күннің ішінде жазылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54499.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпанда» актер, сценарист, «Сақ» киностудиясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» толықметражды фильмінің сценарийін жазған Сағаділда Үсібәлі қонақта болды.
«Қазақ елі» толықметражды фильмінің сценарийі рекордты уақытта - 15 күннің ішінде жазылды. Әрине, тарихшылардық ақыл-кеңесімен жасалды. Сценарийге Жамбыл Артықбаевтың еңбектерін қолдандық. Есімі елге әйгілі Дулат Исабековтің кеңесін алдық», - дейді Сағаділда Үсібәлі.
Сондай-ақ, ол фильмге алғаш рет сценарий жазғанын айтты.
«Бұл – үлкен жобадағы алғашқы жұмысым. Бұрын кішігірім қойылым, 7-10 минуттық интермедиялардың сценарийін жазатынмын. Олардың бәрін жинасам, кітап болып қалады. Бейнебаян түсірумен де айналыстым. Осының бәрі фильм сцернарийіне деген құмарлығымнан туындаса керек», - дейді сценарист.
Сағаділда Үсібәлінің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сағаділда Үсібәлі: «Қазақ елі» фильмінің сценарийі 15 күннің ішінде жазылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103910/)