![Шоқыр Бөлтекұлы туралы қандай тың деректер табылды? (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54495.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ жеріндегі бокс спортының кең өріс алуына ерекше еңбек сіңірген Шоқыр Бөлтекұлы 1944 жылы соғыстан жарақаттанып елге оралды. Шаршы алаңда 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен.
50-жылдары 3 рет қатарынан Қазақ КСР-нің чемпионы атанды. Тұңғыш рет спорт шебері атағына қол жеткізді.
Кезінде Бауыржан Момышұлының өзі екі-ақ нағыз қазақ бар. Бірі – мен, бірі – Шоқыр, деген екен. 40-жылдары өз тегін «ұлы» деп жаздырған тұңғыш қазақ - Шоқыр Бөлтекұлы.
Бүгінде спортшының есімін қайта жаңғырту мақсатында «Шоқыр» республикалық спорттық-танымдық журналы шығады. Қазақ балаларына бокс әліппесін үйреткен тұлға туралы тағы қандай тың деректер табылды?
«Таңшолпаннан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шоқыр Бөлтекұлы туралы қандай тың деректер табылды? (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103918/)