![ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54550.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысы бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді, деп хабарлады БЕЛТА агенттігіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Отырыстың күн тәртібінің жобасына негізінен экономикалық саладағы өзара іс-қимылды дамытуға қатысты мәселелер енгізілген. Бұл атап айтқанда, еркін сауда аймағы туралы шартты жүзеге асыру, экономика саласындағы салалық органдардың қызметі, энергетика, сондай-ақ, қаржылық сипаттағы құжаттардың үлкен топтамасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103963/)