![Әлемдегі ең қымбат сурет](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54594.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлемдегі ең қымбат сурет рейтингі әрдайым өзгеріп тұрады. 2012 жылы Катар Королі суретші Поль Сезанның «Карта ойнаушылар» картинасын 250 миллион АҚШ долларына сатып алған.
«Карта ойнаушылар» - суретшінің карта ойнаушыларға арналған топтамасына кіретін 1880-97 жылдарда жазылған ең соңғы туындысы.
П.Сезан Караводжоның «Алаяқтармен карта ойнау» шығармасына тәнті болып, оған ұқсас суреттерді салды.
Картиналардың алғашқы топтамасында 4 ойыншы болса, кейінгі топтамалары 2 ойыншыға дейін қысқарады. Сондай-ақ, бұл топтамаға жалғыз жан бейнеленген «Шылымқұмар» картинасы да жатады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдегі ең қымбат сурет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/103998/)